Сот зейнетақы қорының экс-басшысына қатысты үкім шығарды

/uploads/thumbnail/20180418173742245_small.jpg

Алматыда "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ экс-басшысы Руслан Ерденаевқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Руслан Ерденаев ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша және 366-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде пара алу") бойынша айыпты деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметке тұру құқығынан өмір бойына айырылды.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, 2016 жылдың 6 қазанында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ бес миллиард теңге сомаға құнды қағаз сатып алған. Алайда "БЖЗҚ" АҚ қатерлер департаменті бұл келісімнен бас тартуға кеңес берген. Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл келісімнің салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде зиян келгенін айтып отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар