Жуырда Ресейлік "Пуст Говарят" бағдарламасы әйгілі "А-студио" тобы туралы арнайы бағдарлама түсірген. Бағдарламаның қонағы, әрі топты құрушылардың бірі ретінде келген Ресейлік При-Мадонна Алла Пугачева қазақ халқы туралы ақжарма тілегін ашық айтып салды.
"Олар өздері сондай айлакер, көреген, шешен халық. Мен қазақтарды баяғыдан жақсы көретінмін. Тіпті, сол кезде-ақ, ынтызарым ауып қалған. Содан бері қазақтарды сүйем, қатты жақсы көремін. Қазақтар өте төзімді, сабырлы, диполматшыл. Оларға көмектесіп те керек емес еді, тек қазақтардың ісіне араласпау керек. Қалғанын өздері-ақ, шешіп алады. Мысалы, осы "А-Студионың" әндерін жаздырған кезде, халықтың бәрі керемет бағалады. Тіпті, таң қалды. Не деген ғажап орындаушылық шеберлік, не деген көркем әуен десті. Артынан орындаушылар кімдер деп сұрады. Мен: -Қазақтар,-дедім. Сол кезде жаңағы таң қалып отырғандар күмәнмен қарасты",-деді Алла Борисқызы.