Алматыда КамАЗ орталығы маңында өрт болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
"Сағат 06:06-да Алматы қалалық ТЖД "101" пультіне Жетісу ауданы Геологтар көшесі №1 Б мекенжайында орналасқан дөнер асханасы өртеніп жатыр деген хабарлама келген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 06.14-те жетті. Дөнер асханасында шыққан өрттің бір қабатты "Достар" банкет залының шатырын шарпығаны анықталды", - деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрт сағат 06.56-да тоқтатылып, сағат 07.15-те сөндірілді. Өрттің аумағы - 70 шаршы метр. ТЖД мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
