“Project HOPE – The People-to-People Health Foundation, Inc.” (Project HOPE) халықаралық үкіметтік емес гуманитарлық ұйымның қолдауымен үш жылдың ішінде 44 000 астам еңбек етуші көшіп-қонушы Қазақстанда туберкулезге зерттеліп-қаралды.
Алматы қаласында «Көшіп-қонушылар арасындағы туберкулезді (ТБ), көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезді (КДК ТБ) және ТБ/АИТВ-ны трансшекаралық бақылау мен емдеуге арналған іс-шара» бағдарламасына қорытынды жасау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара уақытында «Қазақстан Республикасындағы туберкулез күрестің 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары» бағдарламасының нәтижелері ұсынылды.
Project HOPE ұйымдастырған іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, ІІМ көші-қон қызметінің, Жаһандық Қордың, Халықаралық көші-қон ұйымының, USAID, STOP TB серіктестігінің және басқа да халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ серіктестік ҮЕҰ мен медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Негізгі нәтижелерден басқа, үкіметтік құрылымдармен, халықаралық ұйымдармен, ҮЕҰ-мен және медициналық ұйымдармен тиімді ынтымақтастық тәжірибесі ұсынылған. Бағдарламаға тартылған дәрігерлер мен серіктестік ҮЕҰ өкілдері еңбек етуші көшіп-қонушылармен жұмыстың ерекшеліктері туралы айтып берді.
«Бағдарламаның негізгі мақсаты – ТБ диагностикасы мен емдеуге қолжетімділікті шектейтін кедергілерді жою, еңбек етуші көшіп-қонушылар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, ТБ трансшекаралық бақылау мен емдеу бойынша тиімді тетіктер құру. Атап айтқанда, көшіп-қонушылар үшін туберкулезге зерттеп-қарауға қолжетімділікті қамтамасыз ету есебінен 1600-ден астам ТБ науқастары айқындалды. Екіншісі де маңызды нәтиже – бұл жобаның барлық серіктестерінің арасында қалыптасұан конструктивті ынтымақтастық және проблеманы анағұрлым тиімді шешуге мүмкіндік береді», - деп ЖФ бағдарламасыныің менеджері/Қазақстандағы Project HOPE өкілі Бахтияр Бабамурадов өз сөзінде атап өтті.
Бағдарлама уақытында, 60-тан астам емханадан және 10туберкулезге қарсы диспансерлерден көшіп-қонушыларға қайырымды медициналық ұйымдар желісі қалыптастырылды, ҮЕҰ көшіп-қонушылар арасындағы бақылауға сегіз пилоттық өңірге қатысу моделі пысықталды, ҮЕҰ-ның елдік желісі құрылып, көшіп-қонушылар арасындағы ТБ бақылауға оқытылды.
Сондай-ақ 44 мыңнан астам көшіп-қонушылар үшін туберкулезге зерттеп-қарауға қолжетімділік қамтамасыз етілді және 1600-ден астам ТБ науқасы айқындалды, шамамен 145 мың көшіп-қонушы аутричжұмыс арқылы хабардар етумен қамтамасыз етілді. Бағдарлама шеңберінде ТБ-мен ауыратын көптеген (ішкі және сыртқы) көшіп-қонушылар емдеу кезеңінде амбулаториялық фазада айсайынғы уәждікқолдаумен қамтамасыз етілді.
Бұдан басқа, Project HOPE Еуропа мен Еуразия елдері бойынша өңірлік аға директоры Мариам Сианозованың сөзіне қарағанда бағдарлама Қазақстанда жүзеге асырылды, бірақ ол айтарлықтай мәні бар өңірлік компоненттік қамтиды. Еңбек миграциясы мен туберкулез проблемаларын шешу- бір ғана елдің міндеті емес. Табысқа қол жеткізу үшін, осы ауруды бақылау мен емдеу бойынша бірлескен тетіктерді құруға өңірдің барлық елдерінің күші міндетті түрде қажет. «Орталық-Азия өңірінде ТБ трансшекаралық бақылау бойынша еларалық екі жақты жобалардың бүгінгі күні әзірленгенін және жоғары деңгейде үш өңірлік кездесулердің өткізілгенін атап өткім келеді. Мұның бәрі одан әрі өңірлік ынтымақтастыққа жақсы негіз құрайды, оны біз бағдарламаны және жаңа гранты жалғастыру шеңберінде дамытатын боламыз», -деп толықтырды Мариам Сианозова.
Бағдарламаны енгізу тәжірибесі негізінде «ҚР көшіп-қонушыларының арасында туберкулезді бақылау бойынша нұсқаулық» әзірленіп, ресми бекітілді.
ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күреске арналған Жаһандық Қор грантының қаражатына «Көшіп-қонушылар арасындағы ТБ, КДК ТБ және ТБ/АИТВ-ны транесшекаралық бақылау мен емдеуге арналған іс-шара» бағдарламасын Project HOPE халықаралық ұйымы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығымен, ҚР Ішкі істер министрлігімен, МОМ, ОАӨ елдерінің туберкулез бойынша ұлттық орталықтарымен, ProjectHOPE, ДДҰ, UNAIDS, ЮСАИД және МФККиКП елдік командаларымен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен: «Забота» дағдарыс орталығы (Алматы қаласы), «Жария» халықаралық қоры және Қызыл Ай Қоғамы (Астана қаласы), «Үміт» Қоғамдық бірлестігі (Қарағанды қаласы), «Талдықорған жұмыспен қамтуға қолдау көрсету орталығы» (Алматы облысы), «Жолдас» АССО (Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында) және «АнтиВич» ҚБ (Тара қаласы) бірлесіп орындалды.