Алматыда «Туберкулезбен күресу үшін әлемді жарыққа шығар» атты акциясы өтті

/uploads/thumbnail/20180426114816424_small.jpg

Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласында «Туберкулезбен күресу үшін әлемді жарыққа шығар» атты акциясы өтті.

Ұйымдастырушылар Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы.

Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні атап өтіледі. Бұл күн қоғамның туберкулезге ауыртпалығы жайлы және әлемде туберкулездің алдын алуға үлкен күш салынып жатқандығы туралы хабарландырылғандығын арттыруға бағытталады. Басты назар туберкулезбен сырқаттанушы жандарға қатысты қоғамдағы стигматизацияға, кемсітушілік пен әлеуметтік жатсынуға аударылады.  Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы өзінің «EndTB»  стратегиясында 2035 жылы туберкулезден болатын өлім-жітімді 95%-ға дейін және туберкулезге шалдығу жағдайын 90%-ға дейін төмендетуді мақсат етіп қойды.          

Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні – әлем халқының біріге отыра дертпен күресуіне мүмкіндік туғызып, сонымен қатар, басқаларды туберкулез жайлы мәліметтермен ақпараттандыруға септігін тигізеді. Қазіргі таңда «Туберкулезден азат әлем құру үшін көшбасшылар қажет. Сіз туберкулезді жою тарихында өз қолтаңбаңызды қалдыра аласыз» ұраны астына жаһандық қозғалысқа бірігуге шақыратын кез келді деп білеміз.

 Қолайсыз жағдайларды белгілеу үшін, туберкулезге қарсы қызыл шамды бәріміз бірге қосатын боламыз. Соңғы екі жыл ішінде осы бастамаға бүкіл әлем бойынша Барселона, Рио-де-Жанейро, Карачиге, Будапешт қалалар өз қолдауларын білдірген, сонымен қатар, тіпті Ниагериялық сарқырамасыда қызыл жарық түске боялған.

Ал қазір Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласы «Туберкулезбен күресу үшін әлемді жарыққа шығар» атты жыл сайынғы акциясына қосылатын болады. Бұл жарықтандыру үшін  Республика сарайы таңдалды.

Бұл аталмыш шараға ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының директоры Малик АДЕНОВ, ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының қызметерлері, Алматы қаласындағы ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері қатысатын болады.

Қатысты Мақалалар