Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 5 мамыр күні америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) өтетін кездесуінен кейінгі жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды vesti.kz.
Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу Карсон қалашығында (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Негізі әу баста отандасымыз Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек еді. Бірақ жекпе-жекке екі ай қалғанда мексикалық боксшысы допингпен ұстал қалды. Содан соң жекпе-жек өтпейтін болды. Енді Альварестің жаза мерзімі 17 тамызда аяқталады. Ал ол келесі кездесуін қыркүйек айында өткізуги ниетті.
Головкиннің айтуынша, Альвареспен қыркүйек айында жекпе-жек өткізу, оның басты мақсаты екен. Сондай-ақ мұндай кездесулер барлық боксшыларға тиімді.
"Канелоға" қарсы кездесу - боксшылар үшін де, ұйымдастырушылар үшін де үлкен табыс түсіретін жекпе-жек. Егер келісімге келсе, мен қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге дайынмын.
"Канеломен" кездесу - басты мақсатым. Қыркүйек айында онымен жекпе-жек өткізу үшін барлығын жасаймын. Джермалл Чарло және Билли Джо Сондрес секілді мықты боксшылардың да бар екенін білемін. Бірақ мен қазір 5 мамыр күні өтетін кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмын. Солан соң Альвареспен кездесу туралы сөйлесеміз. Барлық жанкүйерлер бұл кездесуді асыға күтіп отыр. Ал мен оған дайынмын", - деп келтіреді Головкиннің сөзін Boxingscene.com порталы.