Басқа әлем. Болған оқиға желісімен

/uploads/thumbnail/20180502115619515_small.jpg

Құдды бір адамдар өмір сүріп жатқан әлемнен тысқары шығып,бір тылсым күшке ие болған секілдімін.Пендешілік күйбелең қамынан мүлде,бір басқа тыныштық орнаған әлемдемін.Көз алдыма қызылды,жасылды жарықтар шағылысып,көзімнің қарашығы тіптен үлкейіп кеткен секілді ме, қалай өзі? Бұл жаратылыс шеңберінен шығып,ғаламдық өмірге шынайы бір картинаға тамашалағандай болып тұрмын.Бәрі біз ойлағаннан әлде қайда оңай.Біз күткеннен мүлде бөлек.Әлгі дәрінің күшіме, бұл не? Басым айналып,құсқым келіп тіптен аяғы ауыр келіншек секілдімін. Түк түсінсем бұйырмасын.Тоңа бастадым...

Бәрі сол, бір тілім қағазды тілімнің астына қыстырғаннан басталды.Кешкі құрым қаланың қызған тіршілігі,осы кезде сәл тыныштыққа  бөленеді.Жұмыстың жұмыр пендені шыр көбелек иіріп,қоректенуге де сәл болсын уақыт беретін сәт осы, ақшам мен құптан арасы.Өзімді даярлағандай,асқазанымда бір қалдық жоқ.Күні бойы өзімдік мақсатыма жетем деген желікпен түскі,кешкі ас ішуді де ұмытып кетіппін.Шын мәнінде бұл дәріні ұрттардың алдында асқазан дайын болуы қажет екен.Қалалық еліктің соңында жүрген жолдастарым бар.Маған да олармен қыдырған ұнайды.Ауылдың қора-қопсасынан басқа дүние көрмеген ауылдың жігітіне,түнгі клубтар таңсық емес,керісінше еліртіп-ертетіні бесенеден белгілі.

Қасымдағы жолдастарымның басым бөлігі дәулетті отбасыдан шыққандықтан мінетін темір тұлпарлары да өте қымбат .Бірақ қылған еңбегімнің арқасында менде олардан қалыспай жігіттің қазіргі серігін алғанмын.Жаман көлік емес.Барлығымыз өзіміз білім алған универіміздің жанына әдеттегідей жиналамыз.Бір-бірімізбен әзіл қалжыңы бар амандасып.Өзара бір екі адамнан бөлініп әңгімелесе бастадық.Әңгімелерінің төркініне қарасам бүгінгі кеш көңілді өтетін секілді.Өздерінің құрған жоспарлары бар екен.Барлығы бір шеңберге тұра қалып бір бәлені ауыздарына сала бастады.Басында зәрезап болғаным рас.Бірақ мен өз достарыма сенемін.Олар иттің құлы итақай адамдар емес,және көрінген жердегі қоқысты ауыздарына салмайтынын да білемін.

Менде бір тілімін аузыма салдым.Басында қышқылдау бір дәмі тілімді жансыз еткендей болды.Қасымдағылардан бұл осылай болуы керек пе деп сұрап қоямын.Иә, иә деп ыржалаңдайды.Мақұл дегендей көзімді қайта қайта жыпылықтатамын.Арамызда дін жолындағы бауырымыз бар еді.Ол да дәмін көрді.Санаулы минуттардан кейін ауызымдағы жағымсыз қышқылды дәмді шыдай алмай кеттім.Түкіріп тастадым.

Тура 40 минуттан кейін басталды бәрі.Көлігіме кіріп есімді жинайын деп күндізгіден қалған коладан ұрттадым.Судың қандай формуладан жасалып,қандай адам организміне қандай зияны тиетіні басыма келді.Сіздерге өтірік маған шын,мен қайдан бұл ақпаратты білетініме таң қалдым.Бір кезде көлігімнің артқы есігінен анау намазхан досымыз келіп отырды.Түрі қашып кеткен.Қорқып отырған секілдіме.Менен су сұрады.Қолымдағы сусынды ұсынып,менен жақсы бір әуен қойшы деп өтінді.Айтқан өтінішін орындап радиоға бастым.Американың әншісі «Джастин Биберді» білетін боларсыздар.Сондағы әр әуеннің ритмін,ырғағын бүге-жүгесіне дейін түсіндім.Әр нотадан ләззат алдым.Қанша тырысқанмен ағылшын тілін үйрене алмай жүр едім.Бірақ, бұған дейін арнайы курсттарға қатысқанмын.Өмірімдегі оқыған көрген барлық ағылшын сөздер басыма лезде келді.Тіптен анау ағылшынның жас әншісінің не туралы айтып тұрғанын түсініп тұрған сияқтымын.Өз көзіме өзім сенбедім.Қасымдағы досыма мен ағылшынша 100 пайыз түсініп тұрмын деп айтсам.Досымның көзі шаранасынан шығып кетердей болып отыр екен.Екі иығынан  қатты уқалап кішкене еркін отыр не болды дедім.Маған ол:

-Қарашы менің жанымда отыр.Мен нестеймін енді деді.

-Ой қой,кім?

-Ібіліс.Қуып жіберші шамаң келсе-деп, іркіліп-іркіліп жауап қатты.

-Қой бауырым,ешкімді көріп тұрған жоқпын.Бұл тек сенің ойыңнан шыққан дүние.

Дедімде өз сөзіме өзім ойланып қалдым.Шынымен-ақ бұл менің ішкі ойымғой.Содан басталды бәрі.Не ойлаймын сол дүние бастан аяқ көзіме елестеп,басыма бұрын соңды келмеген дүниелер келді.Құдай сақтай көр.Қаншалықты ақымақтың жұмысын жасап жүргенмін.Қарапайым ғана нәрселердің байыбына бармайды екенбіз ау.Өзімді «вундер кинг» сезіндім.Бәрі оп-оңай.

Бірінші,ойымда жүрген мақсаттарымды ойладым.Жерден жеті қоян тапқандай қуандым.Екі езуім екі жақта қуанышымда шек жоқ.Мұндай өзімді жеңіл сезінген кезім болған емес.Өмірден ләззат алу деп осыны айт.Әр сәтінен,далада жұқалап жауып тұрған жаңбырдың тамшысын көрдім.Неден қалай шығатынын сездім.Адам айтса сенгісіз.Иә,Алла жеті күнде жаратқан жұмыр жердің құпиясы осы екен ау деп,ойыма неше түрлі бәлелер түсті.Жүрегім осыншалық сабырлы,ойымның осынша жинақы болғанын осы жасыма дейін  көрген емеспін.Бұл не болды тегі...Алла... осы сөздің ары қарайғы тұңғиыққа малтыдым.Иә,Алла сақтай көр бірақ мен ондайды ойлауға хақым жоқ.Бірақ ондағы пайымды,түсінікті қағазға түсірмеяқ қояйын.

Ойымның сан-саққа кеткені соншалықты өмірдің мәнін іздедім.Өте қиын процес.Басымдағы тамырлар ісініп жарылатын сияқты.Айнаға қараған едім,көзімнің басқа түске құбылғанын көрдім.Тек ойлаған ойымның түбіне жеткім келді.Уақытты алға жылжытып көргім келді.Бекер-ақ істедім.Дәл сол жағдай ауыр тиді маған.Тізелерім дірілдеп,мойыннан төмен менің еркіме ендігі бағынбайды.Тек бір орында қозғалмай қатқан мүсіндей отырдым да қалдым.Көз алдымдағы жайттар да көрінбей кетті.Бұл кезде сағат 00:20 еді.

-Құдай-ау,бұл не болды? Жанымдағы адамдар қайда? Менің отбасым қайда? Жалпы мен қайдамын өзі? Түсінсем бұйырмасын.Өзімнен өзім қорқа бастадым.Жан жағыма қарай алмаймын.Бейне бір самал жел сияқты жеп-жеңілмін,бірақ көзім жабық.Мен өзімді көрдім, мен бұл денеде емеспін.Отбасымды көрдім,баламды көрдім, немеремді көрдім.Сақтай көр,мені жерге тапсырғанын көрдім.Қалай болғаны? Бұл әлемге менің қайтқанымнан еш шығын келмейді екенғой.Мен осында өмір сүретін бір жәндік екенмінғой.Мен қайтқанда тіпті балаларымнің  көзінен бір тамшы да құламады.Сонда қалай,ненің нышаны бұл.Содан көңілім қалып,ары жылжыдым.Арғы жағы тіптен қорқынышты.Осы үшін сонда жанталасып жүрмізбе? Қайран қиналып,жанымды жеген сағаттарым ай,жылдарым ай.Өкіндім,шын өкіндім.

Алдыңғы ғасырымыз жақсы болар ау деп,бар шамамды жинап тағы алға 50 жылға секіргім келді.Тек ары қарайғысы тіптен қорқынышты.Тамырда бүлкіп тұрған қанымнан тараған ұрпақтарымды көре алмадым.Тіптен қазақ деген атты таба алмай сандалдым.Кешіріңіздер.Бұл менің ұлтымды сүйіп айтқаным емес,бұл сөз арқылы бір іліп аларлық естелік іздедім.Әттеген-ай бәрі бекер.Менің ата-анам қайда,балаларым қайда,достарым ше? Қандай дәрменсіз екенімді түсіндім.Өмір- сонда осыма сенің құпияң?- деп сыбырлаймын іштей.Айғайлайын десем дауысым жоқ.Мүлдем жоқ.

Миымның жеткен жері осы болды.Ары қарай батылымда,күшімде жетпейді екен.Әлсіредім.Содан барып артқа қайтқым келді.Барлық жаныма жақын адамдарды есіме түсіргім келді.Ешкім жоқ.Жапанда жалғыз қалды деп осыны айт.Ана деген есімге қанша айдар тақсақда артық етпейтіні белгілі ғой.Осы есіммен қазіргі кезгі жасыма келдім.Біраз отырып,артқы өміріме қайтқым келді,тарихымды көргім келді.Қайдам,өткенге орала алмайды екенбіз.Болған барлық жағдай,уақыттың энерциясымен көзден ғайып болады екенғой.

Көзімді ашсам сағат 5:36 минут кетіпті таң сығырайып атып келед.Жаным өзіме қайтып келгендей,жүрегім алып-ұшып мәзбін әйтеуір.Артқы орындыққа қарап едім,намазхан бауырым ұйықтап жатыр екен.Жан-жағыма қарасам ешкім жоқ.Сірә,бәрі үй-үйлеріне қайтып кеткен ау.Не болғаны барлығы көз алдымда тұр.Бірақ сенгім келмейді.Өте ауыр жағдай.Көлігімнің ішіндегі бір шеті сынған айнаға қарап едім,көзім қызарып,көзімнен қан ағып тұр екен.Шамасы жылағанмын-ау.Жасым таусылып қанмен шайылғанба,түсінсем бұйырмасын.Түсім болды ма әлде...

Қасымдағы досымды оятым оны үйіне жеткізіп тастадым.Өзім үйге әзер келіп,не болғанын түсінгім келді.Әлсірегенім соншалық,ештеңе істеуге зауқым жоқ,ұйқтайын деп едім ұйқы жоқ.Меңіреу адамдау жатысым мынау.

Таңертең 8:00 де ұйықтап кешкі сағат 20:00 де бірақ тұрдым.Иә Алла түсім дейін десем,өңім болған.Ойым десем ондайды ойлайтын менде қайдан білім болсын.Тек есімде болған оқиға болып қалды.Бірден ғаламторды ақтарып қарап едім,мен көрген тілім қағаз «ЛСД немесе НТЗ»деп аталады екен.1938 жылы Швецарлық Альберт Хофманн есімді ғалым диэтиламид лизергенді кислотаға зерттеу жасайды екен.Бұл дәрі қазіргі таңға дейін зерттелмеген,құпия туынды болып саналатынын білдім.Әлемнің басым елдерінде қолдануға тиым салынған психоделикті дәрі болып бекітілген.Бірақ,адамға қандай зияны барын еш ғалым анықтап дәлелдей алмаған.Бар ақпараттарға сүйенсек бұл дәрінің көмегімен ХХ ғасырларда бірталай әлемдік жаңалық ашқан ғалымдар туындыларын ойлап тапқан Френсис Криктан бастап,Кэрри Муллис,Билл Гейтс тан аяқтасақ барлығы дерлік осы күштің арқасында жетістіктеріне жеткендерін мойындаған.Ал 1940 жылы Америка елінде бұл дәрі халық арасында еркін түрінде сатыла бастаған,дәл сол сәтте халық тарапы бір жүйеге бағынбай,басым бөлігі көтеріліске шығып,бүлік шығарады.Шамасы көздері ашылған болуы керек.Содан барып АҚШ басшылығы бұл дәріге заң тұрғысында үзілді кесілді тиым салған.Ал ғалымдардың пікірінше бұл дәрінің адам денсаулығына ешқандай зияндығы байқалмаған,тіптен тәуелділік те жоқ.Осы орайда бір сұрақ басымды тоқылдатқаны,неліктен адамды улайтын ішімдік,темекі секілді ауыр аурулардың атасы ортамызда сайраңдап жүр де осындай препоратқа тиым салынған.Әлде басшы топқа ақылды халықпен жұмыс істеу қиынға түсеме?Әрине,сол жағдайдан кейін мен тағы сол дәріні тауып ішіп көрдім бірақ,әсер болмады.Сөйтсем адамға ол бірінші сьеансында ғана әсерін беретін көрінеді.Ештеңеге өкінбеймін.Қайта алғаным көп.Ал мен барып келген әлемге 10000 адамнан 4 еуі ғана бару бұйырған екен.Олардың ішінде қайта оралмай қалғандары да көп.Мен көрген басқа әлем менімен бірге өмір бойы қалады,қазір кей сәттері орындалғанына көзім куә.Ал сол кезде ойланған жетістікке жетер жоспарларымды ұмытып та қалдым,есіме түсіргім келді.Болмады.

Уатхан Қабылтайұлы

Журналист

Қатысты Мақалалар