Мәскеудегі Қазақстан дипломаттары қайтыс болған студент қыздың денесін елге жеткізу мәселелерін шешіп жатыр. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.
Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, 13 сәуірде Мәскеудегі оқу ғимаратынан құлап кеткен қазақстандық студент қыз мәскеулік уақытпен таңғы сағат 4-те ауруханада жан тапсырды. Томиристің қалай, қандай жағдайда құлағаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта қыздың әкесі мен анасы Мәскеуде.
Пікір қалдыру