Биыл Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай Шығыс Қазақстан облыстық мұрағаттар басқармасы арнайы көрме ұйымдастырды. «Ер есімі ел есінде» деген тақырыппен өткен шарада партизан-жазушының өмір жолын баяндайтын фото-құжаттар қойылды. Майданда жазған хаттары мен Қасым Қайсенов туралы кітаптар да көпшілік назарына ұсынылды.
Мұрағат қызметкерлері көшелер мен елді мекендерге батырдың есімін беру туралы қабылданған түрлі ресми құжаттарды да мұрағаттар тізіміне алған. Көрмеде батырдың соғыс жылдары жүріп өткен жолы хронологиялық сызбамен көрсетілген. Ал бұл құжаттар мен суреттердің көбін бұрын облыстың мұрағат қызметін көп жылдар басқарған жергілікті жазушы Станислав Черных жинапты.
Пікір қалдыру