Жұбайының сіңлісін зорлады деп айыпталған ақтөбелік 11 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20180504105708332_small.jpg

Ақтөбеде 31 жастағы Юрий Васильевті өз әйелінің сіңлісін зорлады деген айыппен сот 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот үкім шығарса да, Юрийдің жұбайы оның кінәсіз екенін алға тартады.

«Анам әу бастан-ақ отбасын құратынымызға түбегейлі қарсы болды. Тіпті тойымыздың өзінде күйемім мені Талдықорғанға алып кетеді деп қорқатынын айтқан болатын»,-дейді сотталған ер адамның жұбайы Ирина.

Ирина мен Юрий Мартұқ ауданындағы ауылдардың бірінде Ирананың әке-шешесінің үйінде тұрған. Олармен бірге тағы екі кәмелетке толмаған қыздар болған.

«Сіңлім бұрыннан-ақ ерсі мінез-құлық танытатын. Үйге мас күйінде келіп жүретін, тіпті біз күйеуім екеуміз ол үйге көшіп келмей тұрып ол жыныстық қатынаста болғанына сенімдімін»,-дейді Ирина.

Иринаның айтуынша, оның күйеуін қыздың отбасы бірінші сәттен-ақ қабылдамаған.

«Ата-анам оған дауыс көтеріп, үй шаруасындағы жұмыстарды жасауын талап ететін. Алайда күйеуім жанжалға жақын емес, әр уақытта үндемей бәріне төзе беретін»,-дейді ол.

Кейін ерлі-зайыптылар Талдықорғанға көшіп кеткен соң, сол жердегі үйлеріне полиция келіп Юрийді алып кеткен. Белгілі болғандай, Иринаның анасы Юрийдің үстінен арыз жазған.

«Анамның арызына сәйкес, менің күйеуім сіңлімді бірнеше рет зорлаған, тіпті, тағы бір бойжеткенге жұдырық жұмсаған»,-дейді әйел.

Соттың шешімі бойынша, Юрий Васильев қызға қатысты қылмыстық істер жасады деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Олардың айтуынша, Юрий сіңлімді екі жылға жуық зорлап келген. Алайда біздің екеуіміздің отбасын құрғанымыздың өзіне екі жыл толған жоқ. Ол әке-шешемнің үйінде жиі болмайтын. Болса да, тек менің қасымда жүретін.

Сонымен бірге, бұл жағдайлардан кейін сіңлім сабаққа бармай жүрді делінді. Бірақ мектептің келіп-кету журналында ол келді деп тіркеліп тұр, демек сабаққа келіп жүрген»,-дейді Ирина.

Оның айтуынша, анасы қыздарды Юрийге қарсы арыз жазуға итермелеген. Соттың шешімін әділетсіз деп тапқан Ирина бұл жағдайды БАҚ-қа жеткізуге шешім қабылдаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар