Өткен айда Медсақтандыру қорына 8,17 млрд теңгеге жуық қаржы түскен

/uploads/thumbnail/20180504150323428_small.jpg

Сәуір айында МСҚ-на 8 млрд 17 млн теңгеге жуық сақтандыру жарнасы аударылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарламаға сүйенсек, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30-сәуіріне дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеген жарна көлемі 63,3 млрд теңгені құрап отыр.

Медсақтандыру

Оның ішінде, 54,9 млрд теңге (87% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлері үшін жасаған төлемдері болса, қалған 8,4 млрд теңге (13% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық негізде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Медсақтандыру

Аймақтар арасында жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Медсақтандыру

Жинақталған жарна Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МӘМС жүйесі іске қосылғаннан кейін сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар