Бүгін Астанада "Экспресс К" басылымының бас редакторы Тимур Неталиев көз жұмды. Бұл жайында марқұмның әріптестері әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Туыстары оның Ақтауда жерленгенін жеткізді", - дейді әріптестері.
Әріптестері Тимур Неталиевтің қатты ауырып, жансақтау бөліміне түскенін айтты.
Айта кетейік, Тимур Неталиев 2004 жылы "Экспресс К" газетіне жұмысқа орналасып, 2009 жылы бас редакторлық қызметке тағайындалған.
Пікір қалдыру