71 халықаралық Канн кинофестивалінде «Қазақстан ұлттық павильоны» ашылады

/uploads/thumbnail/20180505111721034_small.jpg

2018 жылғы мамыр айының 8-і мен 19 аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 71 Халықаралық Канн кинофестивалінде, отандық киноиндустрия өнімдері ұсынылатын «Қазақстанның ұлттық павильоны» өз жұмысын бастайды. Аталған іс-шаралар Қазақ ұлттық өнер университеті мен Астананың 20-жылдығына орай жасалғалы отыр.

Павильонда Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің презентациясы өтеді. Атап айтар болсақ: «Еуразия» кинофестивалінің әкімшілік басқару тобын, бағдарламасын, қазылар алқасы мүшелерін таныстыру, Еуразиялық киножобалардың рыногын өткізу, отандық фильмдерді тарату бойынша дистрибьютерлік компаниялармен кездесу, Қазақстан киномектептерін таныстыру, «Еуразия» ХКФ картиналарды іріктеу, ҚР кинематографистерінің қатысуымен пресс-брифингтер жасау және басқа да іс-шараларды атқару.  

Оңтүстік-шығыс Жерорта теңізі жағалауында өтетін беделді кинофорумдағы Қазақстанның павильоны биыл екінші рет ашылмақ. Бұл жылы Қазақстанның жас әрі талантты режиссерлерінің көптеген фильмі бірнеше конкурстық бағдарламаларға қатысып отыр.

Биыл Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасында еліміздің атынан Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» фильмі, Жаннат Алшанованың "Конец сезона" фильмі Синефондасьон бағдарламасында,  ACID бағдарламасында  Ольга Коротьконың «Так себе зима» фильмі қатыстып отыр. Сондай-ақ, режиссерлері Венера Қайыржанова мен Берік Жахановтың қысқаметражды «Тығылмақ» және «Асан» фильмдері Marchedufilm кинорыногы аясындағы «ShortFilmCorner» («Қысқаметражды фильмдердің бұрышында»)  көрсетілетін болады.

Делегация құрамында мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, шығармашылық интеллегенция, Қазақстан киносы мен телевизиясының белді азаматтары және Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері бар.

2018 жылдың 8 мамыр күні «Hôtel Barrière Le Majestic Cannes» қонақ үйінде ұлттық павильонның ашылуына орай «Канндағы қазақ кеші» атты ресми жиын өтеді. Бұл айтулы кешке Мемлекеттік «Солистер академиясы» оркестрінің сүйемелдеуімен ҚР Халық артисі Айман Мұсақожаева мен еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайберген және басқа да әншілер өнер көрсетеді.

«Қазақстанның ұлттық павильоны» Канн Халықаралық кинофестивалі аяқталғанға дейін өз жұмысын жасап, шетелдік кинокомпаниялармен бірлесіп кино өндіруге қажетті серіктестерді тартумен айналысатын болады.  

«Қазақстанның ұлттық павильоны» ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Франциядағы Елшілігінің қолдауымен ашылады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар