Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 73 жыл

/uploads/thumbnail/20180509113328004_small.jpg

Бүгін елімізде жеңістің 73 жылдығы тойланып жатыр. Осы атаулы мерекеге орай Қазақстанның әр аймағында майдан шебінде отан қорғаған ардагерлердің қатысуымен мәңгілік алауға гүл қою рәсімдері, түрлі мерекелік шаралар өтіп жатыр.

1939 жылдың 1 қыркүйегінде Польша мемлекетіне шабуыл жасаған фашистік Германия әскері 1941 жылдың 22 маусымында КСРО шекарасына соққы жасады. Дүниежүзі халқының 80 % -ы қатысқан қанды қырғынға Қазақстаннан 2 миллионға жуық адам қатысқан. Шамамен 500-ге жуық қазақстандық Кеңес одағының Батырлары атанды. Ал, 630 мың адам іс-түссіз жоғалып, қайтып оралған. Ресми деректерге сүйенсек қазір елімізде 2067 соғыс ардагері бар.

Айта кетерлік жәйт, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне, мүгедектер мен оған теңестірілген тұлғаларға 2,7 миллиард теңге көлемінде бір жолғы ақшалай төлемдер қарастырылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар