Павлодар облысында 6 мамырда жол апаты болып, үш адам көз жұмды. Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз-хатшылығы хабарлады.
Сағат 22:00-де Павлодар-Қызылорда автожолында 59 жастағы Toyota Avensis маркалы көлік жүргізушісі мас күйде көлікті игере алмай қарсы жолға шығып кеткен. Нәтижесінде Daihatsu маркалы көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Daihatsu көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушылары: 36 жастағы әйел мен 2018 жылғы ұл бала алған зардаптары салдарынан көз жұмған.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы "қамауға алу" қолданылды.
Пікір қалдыру