Оңтүстік Қазақстан облысында экстремизмді насихаттайтын материалдар таратты деген күдікпен сегіз азамат ұсталды. Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
«10 мамыр күні жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД мен ҰҚДК қызметкерлері облыстың бірқатар аудандарында экстремистік идеологияны насихаттайтын видео және аудиожазбалар таратты деген күдікпен сегіз адамды ұстады», — делінген хабарламада.
ОҚО ІІД-де ҚР қылмыстық кодексінің «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Күдіктілердің барлығы қамауға алынды.
Пікір қалдыру