Ерлан Сағадиев: Ата-аналарды жұмыстан ертерек жіберуді сұраймыз

/uploads/thumbnail/20180511115123700_small.jpg

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 15 мамырда Қазақстанда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетінін хабарлады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстанда 15 мамырда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді, бұл екінші мәрте өткелі жатыр. Орта есеппен 10-15 пайызы (ата-аналар жиналысына) қатысады. 2017 жылы жалпыұлттық ата-аналар жиналысына 80 пайыз мектеп оқушыларының ата-анасы қатысты, бұл жақсы нәтиже. 2018 жылы осы көрсеткішті қайталауды жоспарлап отырмыз", - деді ведомство басшысы. 

Ерлан Сағадиев жұмыс берушілерге ата-аналар үшін жұмыс күнін қысқартуды сұрады. 

"Министрлік тарапынан барлық жұмыс берушіден, оның ішінде меморгандардан осы күні ата-аналарды ертерек жұмыстан жіберуін сұраймыз. Олар мектепке барып, ата-аналар жиналысына қатысып, балалары оқитын мектепті өмірімен танысса дейміз", - деді министр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар