Украина парламенті «Жеңіс күнін» 8 мамырға ауыстырды

/uploads/thumbnail/20180511152329338_small.jpg

Арменияның соңынан 11 мамырда Украина Жоғарғы Радасы «Жеңіс күнін» 8 мамырға ауыстырды. Заң жобасын парламентке депутат Андрей Денисенко ұсынған.  Парламент сайтында жарияланғандай, кеше ғана ұсынылған заңға өзгеріс бүгін мақұлданды. Әрі мерекелік күн атауын «Еуропада нацизмді Жеңіс күні және Еске алу мен Келісім күні» деп атаған.

Айта кететін болсақ, 8 мамырда Армения Парламенті Премьер-министр етіп сайлаған оппозиция өкілі Никол Пашинян 9 мамырдағы Жеңіс күні мерекесін 8 мамырға ауыстырып, Аза тұту және бітісу күні деп атауға жарлық шығарған болатын.

«Жеңіс күні» аталатын мерекелік датаның уақыты Екінші дүниежүзілік соғыста СССР мен фашистік Германия арасындағы Капитуляцияға қол қойылған уақыт Мәскеу уақытымен 9 мамыр түнгі бір. Реймс жергілікті уақытымен 8 мамыр кешкі 11.

Еске салсақ, Қазақстанда жыл сайын «Жеңіс күні» шеруі өтіп, Соғыс құрбандарына арналған ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып тұрады. Ал 2014 жылдан бастау алған «Өлмес полк» шеруіне биыл Қазақстанның қалаларынан жалпы саны 100 мыңдай адам қатысқаны айтылды. Өздерінің соғысқа қатысқан туыстарының портреттерін алып, көшелерде шеру өткізуді қолдамайтындар да бар. Мысалы Биыл Тәжікстанда «Мәңгі өлмес полк» шеруі өтпеді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына Душанбе қаласының билігі рұқсат бермеген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар