Рысқалиевтердің сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталды

/uploads/thumbnail/20180512130446431_small.jpg

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталып, іс материалдарымен танысу басталды,  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында Бергей Рысқалиев пен шетелде жүрген жақтастарының жасаған қылмыстарын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар табылды»,- делінген хабарламада.

Айта кетерлік жәйт, ағымдағы жылдың 24 ақпанында Ұлттық бюро БАҚ-та «Күдікті Рысқалиев, Рысқали, Әлбақасов, Желдібаев, Ізбасар, Сүлейменов, Жолмағамбетов, Теміралин және Даневич  тергеу шарасын өткізу үшін 2018 жылдың 2 наурызы сағат 10.00-ге дейін, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайында орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына келуі тиіс» - деген хабарлама таратқан болатын.

"Ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оған жетекшілік ету немесе оған қатысу", "Қызметтік жалғандық", "Лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану", "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену мен талан-таражға салу", "Заңсыз жолмен табылған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру", "Жалған кәсіпкерлік" сынды қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша сотталған 22 адамның барлығы жеке ұйым басшылары, әкімнің бұрынғы орынбасарлары мен лауазымды тұлғалар болатын.

Бергей Рысқалиев Атырау облысының басшысы болған кезде мемлекеттің аса ірі көлемдегі қаражатын бірнеше рет жымқырып, жемқорлық қылмыстарын жасаған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке 70 миллиард теңгеден астам шығын келді.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар