Бүгін палата спикері Нұрлан Нығматулин бастаған мәжіліс депутаттары "Біз таза қала үшін" атты жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі, мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаттары Астананың жаңадан бой көтерген ауданында терек, ерен сынды 100-ден аса ағаш отырғызды.
Сенбілікке "Нұр Отан", "Ақ жол" партияларының депутаттарымен бірге мәжіліс аппаратының қызметкерлері де қатысты.
Пікір қалдыру