Астанада 3 жастағы бала 16-қабаттан құлап түсті

/uploads/thumbnail/20180513152041770_small.jpg

Астанада 3 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 16-қабаттан құлап түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл ақпаратты Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады.

Қайғылы оқиға 13 мамыр күні сағат 12:12 шамасында Иманов көшесінде орналасқан «Рахат» тұрғын үйінде болды.

«Үлкендердің қарауынсыз қалған үш жастағы бүлдіршін 16-қабаттан құлап, алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар