Оңтүстік Қазақстан облысында қыз алып қашып, желіні шулатқандардың кімдер екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі, өңірдің ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жуырда БАҚ-та және әлеуметтік желіде қырыққабат сатумен айналысатын қызды алып қашқан сәт түсірілген видео тарап кетті. Оқиға ОҚО-да болған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ролик кейіпкерлерінің тұлғасын анықтады. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары. Қыз да, оның туыстары да ешкімге кінә артып отырған жоқ. Қазіргі кезде қыз тұрмысқа шыққан», - дейді ведомство өкілдері.
Қазіргі таңда қалыңдықтың туыстары ішкі істер органдарына қызды алып қашу сәтінен түсірілген видеоны желіде таратқандарға арыз түсірмекші.
Пікір қалдыру