Алматы облысындағы Есік қаласында болған атыс салдарынан екі адам жарақат алды. Олардың бірі ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кей мәліметтер бойынша, марқұм ІІАБ қызметкері болған.
Жергілікті тұрғындардың мәлімдеуінше, оқиға мамырдың сегізіне қараған түні болған. Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасындағы дәрігерлер 8 мамырда сағат 03:00-де оқ жарақатын алған екі ер адам түскенін айтады. Олардың бірі 31 жастағы полицей 11 мамырда көз жұмды. Оқ тигеннен бөлек, ол көптеген өзге жарақаттар алған.
Екінші адамның жағдайы - тұрақты. Тиген оқ аяғын сындырған. Дәрігерлердің сөзінше, 1986 жылғы ер адам еш жерде жұмыс істемейді.
Пікір қалдыру