Оралда «Тополек» саяжай аумағынан адам сүйектері табылды

/uploads/thumbnail/20180515162944169_small.jpg

Орал қаласы маңынан адам сүйектерінің табылуына байланысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ибрагим Жүсіпқалиевтің айтуынша, сүйектер кеше 2-саяжай қауымдастығына қарасты «Тополек» саяжай аумағы маңынан табылған.

Экскаватормен топырақты қазған кезде сүйектер шыққан. Осы жерде адамдар жерленген болуы мүмкін.

Сараптама қорытындысына сәйкес, қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралатын болады.  

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар