БҚО-да денсаулық сақтау саласын цифрландыру қарқын алмақ

/uploads/thumbnail/20180103121352302_small.jpg

БҚО-да медицина саласы бойынша цифрландыру жұмыстары  қарқынды жүзеге асып келеді. Осы орайда айта кетсек, Батыс Қазақстан облыстық клиникалық ауруханаcының қабылдау бөлімшесі триаж жүйесі бойынша жұмыстануда. Сондай-ақ стационарда жататын науқас­тардың электронды тіркелімі, емдеуге жатқызу порталы және ем­ханаға бекітілетін халықтың тір­келімін және басқаларды әзір­леу жұмыстары жолға қойылған. 

Триаж жүйесі бойынша  аурухана ғимаратына кіреберістен-ақ еденге жасыл, қызыл, сары жолақтар жүргізілген. Мейірбикелер бөлімшеге келген науқастарды қабылдап, жалпы жағдайын бағалайды. Триаж бойынша келушілер үш ағын түріне бөлінеді. Қызыл ағынға ауыр дәрежедегі науқастар жатады. Оларға шұғыл көмек көрсетіледі және қажет болса ота жасауға, жан сақтау бөлмесіне қызыл жолақпен әкетеді. Сары ағынға орта дәрежедегі аурулар, олар шұғыл көмекке мұқтаж емес, бірақ тексеріледі, тиісті көмек көрсетіледі. Жасыл ағынға жататын ауруларға тексеріледі, көмек көрсетіледі, содан кейін үйлеріне жіберіледі. Бөлімшеге күніне 160-170 адам келеді, жарақат алып келушілер саны 60-70 шамасында. Мұнда күндіз түрлі 12 дәрігер маман дәрігерлік көмек көрсетеді. Триаж бойынша науқасқа шұғыл түрде бірнеше дәрігер қызмет көрсете алады.

Қабылдау бөлімшесі келген науқастарды аурухананың бөлімшелеріне рәсімдейді. Бұл жерде  маңызды емдеу-диагностика жасалады, тәуліктің 24 сағатында және мереке, демалыс күндері де келушілерге жедел дәрігерлік көмек көрсетіледі. Аурухана директоры Арман Байдеуовтың айтынша, келген адамның жеке куәлігі арқылы базадағы мәліметтерден оның бұрын қайда қаралғаны, қандай ем алғаны, ота жасалғаны көрініп тұрады. Бұрын осының бәрі қағазға түсірілетін.

– Елбасының тапсырмасына сәйкес облыстағы 23 мемлекеттік меднысан қағазсыз жұмыс істеуге көшті. Цифрландыру арқылы тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек сапасы жақсарады, дәрігерлердің есеп жазудан қолы босап, науқасқа көбірек көңіл бөледі. Ақпараттық жүйеге кірігу үрдісі жалғасады, бірінші жартыжылдықтың соңына қарай меднысандарды толықтай цифрландыруды аяқтаймыз. БҚО-ның медицина саласы – цифрландыру жобасы бойынша республикада көшбасшы. Мобильдік қосымшаны іске қосу жұмыстары аяқталады. Бұл қосымша арқылы тұрғындар дәрігерге онлайн жазыла алады, қажетті жағдайда үйге дә-

рігер шақыртады, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар