Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізеді

/uploads/thumbnail/20170923154613776_small.jpg

 Дональд Трамп мемлекет хатшысы Майк Помпеоға Ресейге қатысты жаңа шектеулерді дайындауды тапсырды деп хабарлайды РИА Новости. 

Жаңа санкция енгізудің себебі — Мәскеудің орта және алыс қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшартты бұзғаны болып отыр. 

 

Ендігі уақытта Помпео қаржы, қорғаныс, сауда министрліктері мен ұлттық  барлау қызметінің директорымен осы мәселеге қатысты жұмыс істейтін болады.  

 Сонымен бірге АҚШ Конгрессі президенттен аталған келісімнің бұзылғанына қатысы бар ресейлік шенеуніктерге қарсы шара қолдану туралы баяндама жасауды талап еті. 
 
 Өз кезегінде СІМ министрі Сергей Лавров Ресей зымырандарды жою туралы келісімді сақтап қалғысы келетінін мәлімдеген болатын. 

Қатысты Мақалалар