Ресейдің саяси тәжірибесін қайталаудан Құдай сақтасын!

/uploads/thumbnail/20170708171034752_small.jpg

Ресейдің жаңаша тарихында екі Борис бар еді.

Бірі – Борис Ельцин. Коммунист болды, бірақ кейін сол коммунистік партиямен күресіп, Ресейді демократиялық жолға салды. Кемшілігі де көп болды, бірақ бәрін бір әрекетімен жуып-шайып кетті: күннің бір күнінде: «Ресейліктер, мені кешіріңдер!», - деп президенттіктен өз еркімен кетті.

Екіншісі – Борис Немцов болатын. Ельциннің командасында вице-премьер боп қызмет атқарды. Кейін оппозиция қатарынан табылды. Ол қазіргі ресейлік демократиялық күштерінің ең танымал тұлғасы еді. Басқалардан оның бір ерекшелігі сол – ол Путин және оның жақын айналасы туралы ашық сын айтты, сол маңайдағы жемқорлық жайында өз дәлелдерін жайып салған кітаптар жазды. Бәлкім, нақ осы жайт оның тағдырына тікелей әсер еткен болар.

Кез келген авторитарлық жүйе өз ішіндегі оппозицияны көре алмайды, көргісі келмейді. Мейлінше тұқыртып, басып-жаншып тастауға тырысады. Саяси күрестің барлық айла-амалын пайдаланады: қаралайды, арандатады, соттап, түрмеге жабады.

Авторитарлық жүйе күшейген сайын ондай күрес ушыға түседі де, оның шарықтау шегі - өз сыншыларын өлтіруге әкеп соғады. Қазақстанда да, Ресейде де билік бұрын да өзінің саяси қарсыластарын қарсы оқ атқан. Қарап отырсақ, бүгінгі Ресейде бұл дәстүр өз жалғасын тауып жатыр. Оның себебі де белгілі – Батыс санкциялары көрші елдің экономикасын әлсіретіп жатыр, ел ішіндегі наразылық ұлғаюда. Бұл тұста оппозицияны қолдаушылар көбейе түсетіні белгілі.

Бізді де болашағы бұлдыр, саяси тұрғыдан өліара шақ  күтіп отырған секілді. Ең бастысы – постназарбаев кезеңіндегі бас билік үшін күрес ерекше асқына түседі, осы кезде топаралық тартыс өзінің шарықтау шегіне жетеді. Бір Одаққа кірген Ресейдің саяси тәжірибесін қайталаудан Құдай сақтасын!

(Әміржан Қосановтың фесбуктегі парақшасынан)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар