Өткен сенбі күні ауылға бардым. Нағашым келіпті. 78 жастағы кісі. 20 жасынан бері намаз оқып, ораза ұстаған, қала көрмеген, "бұзылмаған" қария. Алыстан ат арытып келген соң, аман-саламдасайын деп алып-ұшып жеттім. Нағашым кейіп отыр екен. Әңгімесін бұзбай құлақ молда болдым. Әңгімесінде сұрақ көп... *** *** Қазақстанның қазақтарының (Өзі Қытайдың Мұңғұлкүре деген жерінен, Хан Тәңірдің қақ маңдайынан келген қазақ) сөзін ұқпадым. Қазақша сайрап тұрса да, салдырлақ арба
сияқты самбырлап сөйлейді екен. Орыстың мақамы байқалады. Әсілі қазақтар бұлай сөйлеуші еді. Байыпты, салмақты, сөзі жылы, жұқа, жіңішке үнді болушы еді.
Пікір қалдыру