Атақты сазгер Алтынбек Қоразбаев жерге таласып серіктесінің жесірін сотқа берді. Бүгін Алматыдағы Әуезов ауданының соты Алтынбек Қоразбаевтың шағымы бойынша істі қарады.
Белгілі компазитор бір жыл бұрын қайтыс болған серіктесі Құлжанов Сырымға өнер мектебін салдыртқан. Кейіннен қалған жерді кәсіпкердің атына жазып берген.
"Енді мектеп қолдануға жарамсыз" деген компазитор Қоразбаев кәсіпкердің жесірінен сот арқылы жерді алып алуды көздеп отыр.
Сотталушының адвокаты Мина Амир Валиева: "Біріншіден, екі рет өткен сот процесіне композитор мен оның заңгері келмеді. Бұл сыйламағандық деп ойлаймын. Екіншіден, бізде нотариус арқылы бекітілген заңды құжат бар. Заңға сүйенсек, біздікі дұрыс. Алтынбек Қоразбаев өз атағын пайдаланып, бізге жала жауып отыр", - дегенді айтты.
Ал Алтынбек Қоразбаевтың өзі: "Қайтыс болған Құлжанов Сырым салған өнер мектебі қолдануға мүлде жарамсыз. Міне төрт жыл болды. Осы уақыт аралығында қанша шәкірт тәрбиелеп тастаған болар едім. Бұл менің әрі отбасымның кішкентай ғана қарап отырған кәсібіміз. Менікі дұрыс. Адалмын. Ақпын. Мен қазір ақталғаныммен ол бос сөз болып қалады. Сот нүктесін қояды", - дегенді алға тартты. nur.kz
Пікір қалдыру