Бүгін түс ауа Семейдің шетіндегі орманды алқаптан өрт шықты. Жаңадан салынып жатқан «Қарағайлы» ықшамауданынан арырақтан көтерілген тілсіз жаудың қою түтіні қала тұрғындарының назарын бірден аударды. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлады.
Қазіргі уақытта өртті жедел сөндіру үшін жергілікті ТЖ басқармасы 16 техникасы мен 35 жеке құрамнан 70-ке жуық адамын шұғыл түрде аттандырғанымен, желдің бағыты дер кезінде ауыздықтауға ырық бермей тұр. Әзірге бет қаратпас қызыл жалынның таралу аумағы 10-12 гектар шамасында. Семей ТЖ қызметінің хабарлауынша, өртке қатысты қандай да бір оқыс оқиға әлі тіркелген жоқ. Тек өрттің беталысы тікұшақпен бақылануда.
Cәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Семей қаласы
Фотолар: Semei арнасы
Пікір қалдыру