Қазақстан бойынша туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1 000 тұрғынға шаққанда 29,74) байқалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Туу деңгейі бойынша екінші орында – Астана қаласы (28,23). Көшбасшы үштікті ОҚО тәмамдайды (27,20).
Ал 2017 жылғы көрсеткіш бойынша, туудың ең төмен деңгейі – СҚО (13,17), ШҚО (15,98) және Павлодарда (15,91).
Былтыр қыздарға қарағанда ер балалар көбірек дүниеге келді. 2017 жылы 188 506 (48,3%) қыз дүние есігін ашса, ер балалардың саны - 201 756 (51,7%) жетті.
2017 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы - 28,5 жас.
Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,6 жас. Астана қаласында 29,4 жас.
Пікір қалдыру