Қазақстан мен Өзбекстан президенттері әңгімелесу кезінде екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, соның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды.
Пікір қалдыру