Алматыда мектеп оқушысына шабуыл жасаған ер адам ұсталды деп хабарлайды Sputnik Казахстан-ға сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Шабуыл кеше №99 мектептің жанында Медеу ауданында болған. Осыған дейін әлеуметтік желіде ер адамның қыздың денесін тістеп, етін жұлып алғаны жөнінде ақпарат тараған. ІІД-де бұл ақапарттарды тек жартылай ғана растады.
"1988 жылғы ер адам, Алматы тұрғыны ұсталды. Оның ақыл-есі кем, адамдарға шабуыл жасамақ болған. 7-сынып оқушысына шабуыл жасады. Жедел жәрдем қызметкерлері оеы психоневрологиялық диспансерге жіберуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта оның ауруханада тізімді тұрып-тұрмағаны анықталуда,-дейді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Алайда ол ер адамның қызды тістегенін жоққа шығарып отыр.
"Тістемеген. Артқы жақтан келіп шабуылдаған, басқа адамдарға да шабуылмақшы болған",-дейді ол.
Пікір қалдыру