Иманғали Тасмағамбетов ВДНХ-да салынып жатқан қазақстандық кешеннің құрылысы бойынша көшпелі жиын өткізді

/uploads/thumbnail/20180528215704747_small.jpg

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетов ВДНХ-да қайта жөнделіп жатқан қазақстандық ғимарат кешеніне барып көшпелі жиын өткізді.

Түрлі көрмелер орталығына айналған  Мәскеудегі ВДНХ-дағы Қазақстандық ғимарат кешені Астананың 20 жылдығына орай қайтадан жағартылып, сәулет өнерінің соңғы үлгісіне сай әспеттеліп, су жаңа күйінде ашылуға әзірлік жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына жауапты тұлғаларға  жиын өткізген Қазақстанның елшісі Иманғали Тасмағамбетов, бұл ең алдымен елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен жасалып жатқан ірі жоба. Жуырда біздің кешен осы жердің інжу-маржанына айналып, еліміздің абыройын Ресей жерінде асқақтататынын айтты.

Иманғали Тасмағамбетов

Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының қарқынына қарап, ғимараттың тек ішкі ғана емес, сондай-ақ сыртқы  келбеті айрықша өзгеретіні байқалып отыр. Себебі қайта жаңартылып жатқан  кешеннің сұлбасы адам танымастай өзгерген. 

"Қазақстанның ғимараты өзгелерге қарағанда оқ бойы озық тұруы шарт. Сол себепті құрылыс жүргізіп жатқан топ ең алдымен сапасына мән аударса, оның уақтылы бітіруін де қаперінен шығарып алмауы тиіс",-деп пысықтады Иманғали Тасмағамбетов.

Сонымен қатар, Елші мырзаның айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары барысында ғимараттың кіре берісі, ішкі құрылымы мен мүсіншелік композициясы  ерекше сәулет өнерінің талаптарына сай жасалса, баспалдағы мен терезе әйнекпен көмкерілген күмбез тәрізді шаңырағы жаңадан салынады. 

Ескере кету керек, федералдық мағынада мәдени мұра ретінде танылған №11 "Металлургия" кешені 1964 жылы Қазақ КСР-ның халық шаруашылық жетістіктерін көрсететін, кейіннен республикамыздың түрлі-түсті металлургия, мұнайгаз және көмір өндіру өнеркәсібін паш ететін жеріне айналды. Ал  2011 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің жарлығына сәйкес Қазақстанға 50 жылға жалға берілді.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар