Қазгидрометтің хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, шығыста жауын-шашын, найзағай, дауыл болып, желдің күшеюі күтіледі, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз дауыл, шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-23 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ болуы мүмкін, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20, түнде кей жерлерде екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Ақтөбе облыстарының, таңертең және күндіз Қарағанды және Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ болуы мүмкін, Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл болады. Түнде Алматы және Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 2 градуска дейін үсік күтіледі.
Пікір қалдыру