Автобус қағып өлтірген қыздың ата-анасы жүргізушімен келісімге келді

/uploads/thumbnail/20180529154313078_small.jpg

"Алматыда абайсызда қыз баланы қағып өлтірген Әнуар Жәнібеков өз кінәсін мойындап, қыздың отбасына келтірілген залалды өтеп берді",- дейді кінәлінің адвокаты. 

"Кінәсін мойындады. Болған іске қатты өкінеді. Қазіргі таңда қайтыс болған қыздың ата-анасымен  татуластық. Келтірілген шығынды өтедік. Сот бас бостандығынан айырудан басқа жаза қолданады деген үміттеміз",-деді адвокат Әлім Мұстафаев журналистерге. 

Сонымен қатар ол рәсімдік келісім жасалмағанын атап өтті. 

Сот процесі конвой сотталушыны уақытында алып келмегені үшін кейінге қалдырылды. 

Автобус жүргізушісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша (Көлік құралдарын жүргізу ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың көлік құралдарын пайдалану) айыпталды.

Естеріңізге саламыз, жол-көлік оқиғасы ағымдағы жылдың 18-ші сәуірінде Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болды.126-шы автобус  жолды кесіп бара жатқан қызды қағып кеткен. Алған жарақатының әсерінен қыз бала оқиға орынында қаза тапқан.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар