ҚР экс-премьер-министрі Серік Ахметов Қарағанды сотынан бостандығын шектеу жазасын айыппұлға ауыстыруды сұрады, бірақ кейін өз мәлімдемесін кері қайтарып алды.
Жазаны жеңілдету туралы өтінішін Серік Ахметов 15 мамырда Қазыбек аудандық сотына өткізген. Құжатта көрсетілгендей, Ахметовтың адвокаты соттан бостандығын шектеу жазасын айыппұлға ауыстыруды өтінген. Алайда өтініш хат кері қайтарылды. Мұның себебі әзірге жарияланған жоқ.
«Осы мазмұндағы өтініш хат Ахметовтың адвокатынан келіп түскені рас. Бірақ 23 мамырда адвокат сотқа келіп қазіргі уақытта оны қолдамайтынын айтып, өтініш хатты кері қайтарып алды. Сол себепті судья Манат Жұмақаева өтініш хатты қараусыз қайтарып берді. 24 мамырда судья тиісті қаулы шығарды», - делінген соттың баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, Серік Ахметов 2015 жылдың желтоқсанында 10 жылға бас бостандығынан айырылып, дүние мүлкі тәркіленген. Бұған дейін 2,2 миллиард теңге көлемінде мемлекетке келтірілген шығынды өтеді. Соның арқасында сот экс-премьердің жазасын 10 жылдан 8 жылға дейін қысқартты. Былтыр қаңтарда амнистияға іліккені белгілі болды. 2017 жылдың 21 қыркүйегінде Серік Ахметов бостандыққа шықты.
Пікір қалдыру