Казгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жаздың алғашқы күнінде Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қатқақ күтіледі.
Елдің көп бөлігінде демалыс күндері жиі жаңбыр, найзағай, қатты жел мен тұрақсыз ауа-райы сақталады. Ауа температурасы климаттық нормадан 3...5 градусқа төмен түседі. Ресейдің еуропалық бөлігінен түсіп жатқан салқын және дымқыл ауа массаларының әсерінен елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатқақ болады.
Оңтүстік аймақтағы облыстарда жазға тән ауа-райы сақталады. Иран аймағынан жылы ауа массалары ықпалынан мұнда ауа +27+35 дейін, кей жерлерде +38 дейін жылиды.