Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевқа цифрландыру жобаларын тезірек дамытуға тапсырма берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Егер адамдарды бүгін дайындамасаңыздар, ертең олар көшке ілесе алмай қалады. Ешқандай да реніш болмауы керек, әсіресе жұмысқа қабылданар сәтте. ОҚО-да еден жуушы болып жұмысқа кіру үшін де пара беру қажет. Мұндай жағдай басқа облыстарда жоқ, тек сендерде ғана бар», - деді Елбасы ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевқа.
«Әрине, халық көп, жұмыссыздық та соған орай аймақта басым болуы мүмкін. Бірақ, егер сендер жер беру мәселесінде, мектепке адамдарды жұмысқа қабылдау кезінде және емханаларда ашық түрде жұмыс істемесеңдер, көштен қалып қоясыңдар. Нақты нәтиже деген – негативті фактілерді жою», - деп айтып өтті Елбасы.
Айта кетейік, бүгін Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде.