РФ-дағы ҚР Елшілігі Томирис Байсафаның ісіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

/uploads/thumbnail/20180417090812177_small.jpg

Ресейдегі Қазақстан Елшілігі Томирис Байсафаның ісіне қатысты ресми мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде оқиға болған күннен бастап бүгінге жағдай жазылған. Томирис Байсафаның ісі Елшіліктің қатаң бақылауында.

«13 сәуірде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің 4 курс студенті Томирис Байсафа оқу ғимаратының төртінші қабатының терезесінен құлап түсті.

Сол күні-ақ РФ-дағы ҚР елшілігі жедел түрде қыздың ата-анасына жағдайды естіртті. Өз кезегінде, ата-анасы Мәскеуге сол күні кешке ұшатындарын айтты. Елшіліктің араласуымен қыз ғылыми зерттеу институтына жеткізіліп, реанимация бөліміне жатқызылды. Мәскеу қаласы бойынша РФ Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Никулин аудан аралық тергеу басқармасымен үздіксіз байланыста болдық. РФ СІМ-ге оқиғаны жан-жақты және объективті тергеу туралы өтінішпен Елшіліктің нотасы жолданды. Консул қызметкерлері аурухананы күн-түн демей күзетумен болды. Ата-анасы елге жеткен бойда Елшіліктің арнайы көлігі жіберілді», - делінген Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің мәлімдемесінде.

14 мамырда медицина мамандарымен кездесу өтті. Сонымен қатар іске қатысты тергеу жұмыстары басталды. Сол күні Елшілік университет басшылығымен кездесті. 16 сәуірде тергеушілермен кездесу өтті. 20 сәуірде Томирис Байсафа жатқан аурухананың бас дәрігерімен кездесу өтті. Мемлекеттер арасындағы келісім аясында медициналық көмек көрсету мәселесі талқыланды. Қыздың анасы Жанна Ахметова Томиристің жағдайымен толық танысқан.

3 мамырда Томирис Байсафа қайтыс болды.

4 мамырда сот-медициналық сараптама жүргізілді. Сол күні сағат 15.00-де қыздың денесін Қазақстанға жіберу бойынша құжаттар әзірленді. Томирис Байсафаның ата-анасына адвокат ұсынылды. Адвокат Елшілікпен 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

17 мамырда тергеушілермен кездесу өтті, кездесуде тергеу шараларының жалғасып жатқаны анықталды.

18 мамырда Ресей Тергеу комитеті басқармасының Мәскеу бойынша басшысымен кездесу өтті. Онда Томирис Байсафаның оқу үздігі болғандығы, жағдайы жақсы отбасынан екендігі және мұғалімдермен, достарымен, ата-анасымен жақсы қарым-қатынастағы бойжеткен екені хабарланды. Елшіліктің айтуныша, қыздың ата-анасы бар жағдайдан уақытылы хабардар болып отырады.

Қатысты Мақалалар