Нұрсұлтан Назарбаев Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

/uploads/thumbnail/20180604170554479_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында мемлекет басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа байланысты ең өзекті мәселелерді талқылады.

Қазақстант Президенті Ердоғанды 12 маусымдағы Түркияның Эскишехир қаласында өтетін Трансатланттық газ құбырының ресми түрде іске қосылу рәсімімен құттықтады. Елбасы аталмыш жоба Түркияның транзиттік потенциялын жоғарылатып, елдің экономикалық дамуына оң әсерін беретініне сенімді екенін айтты.

«Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Ердоған екі ел арасындағы конструктивті диалогты одан ары тереңдету мәселелерін талқылады.  Екі ел басшылары Түрік жағының бастамасымен телефон арқылы сөйлесті», - делінген хабарламада.

Қатысты Мақалалар