Париж полицейлері қаладағы екі босқындар лагерінің көзін жойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме беріп.
Сен-Мартен каналының жағасынан сегіз жүз мигрант эвакуацияланған. Тағы төрт жүз босқын Пор-де-ля-Шапель ауданын тастап кетуге мәжбүр болған.
Полицияның мәлімдеуінше мигранттарды өзге аймаққа Франция шекарасын кесіп өтуге рұқсаттарын тексеру үшін орналастырыпты. Апта бұрын полиция Порт-де-ля-Виллет аймағын Суданнан, Сомалиден, Эритреиден келген 1700 босқыннан тазалаған.
The Local газеті жазғандай, мамыр айының 24-де елдің ішкі істер министрлігі Парижді босқындардан босату туралы бұйрық шығарған. Биліктегілер «босқындар лагері Париж үшін үлкен қауіпке айналып барады», - деп пікір білдірген.
2015 жылы Еуропада көші-қон дағдарысы басталды. ЕО елдеріне осы жылдар ішінде 1,5 милионнан астам мигрант келген. Содан бері Париж аудандарында қаланы 35 рет босқындардан тазалау жұмыстары жүргізілген. Мигранттар Кале порттық аймағындағы «Джунгли» лагері көп орналасқан. 2017 жылы полиция аталған аймақты ескертусіз сүріп тастаған болатын.