Жезқазғанда әкімнің орынбасары 550 мың теңге парамен ұсталды

/uploads/thumbnail/20180604190848966_small.jpg

Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаев 550 теңге парамен ұсталды,деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ұйымдастырған брифингте агенттік өкілі Нұржан Жахин мәлімдеді. 

«Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Орынбаев парамен әшкереленді. Қала әкімінің орынбасары «Жезқазған қаласындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құру» нысаны бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қою үшін және «Өңірлерді дамыту 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының уақытылы төленуі үшін ЖШС өкілінен 550 мың теңге пара алды деп күдіктелуде», - дедi Жахин.

Ресми өкілдің сөзінше Орынбаев бар кінәсін толықтай мойындауына байланысты ұсталмаған. Қазіргі таңда пара беру фактісі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

Қатысты Мақалалар