Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі өршіп тұрған менингит дерті туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің твиттер парақшасында жазған.
"Менингит инфекциясымен күрес мүлде сын көтермейді. Құзырлы министрлік кешірілместей жайбасарлық танытып, нақты қадамға бара алмай отыр"- деп жазды Тоқаев.
Төрағаның айтуынша, аталмыш мәселе бойынша Парламент сенатының депутаттары үкіметке сауал жолдауды жоспарлап отыр.
Естеріңізге салсақ, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2018 жылы аталған дерт бойынша 58 жағдай тіркелгенін хабарлаған болатын. 12 адам көз жұмған. Қайтыс болғандардың қатарында бес бала болса, сыртқаттардың тізімінде 18 жастан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер бар.
Сонымен қатар, министр "менингит бойынша вакциналау жүргізу тиімсіз әрі шығыны көп" деп пікір білдірген болатын.