Мексиканың ең биік тауы саналатын Орисаба жанартауында 55 жыл бұрын жоғалып кеткен екі бірдей алпинисттің денесі табылды. Бұл туралы Qamshy.kz порталы Examiner-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Орисаба жанартауын бағындырмақшы болған алпинистер кездейсоқ қос адамның мәйітін тауып алған. Табалған қос мәйіттердің біреуінің денесін жанартаудың ең ұшынан 300 метр жерден (бұл шамамен - 5610 метр), ал екіншісінің денесін 150 метр қашықтықтан тапқан.
Ұзақ уақын тоң мұздың арасында жатқан алпинистердің мәйіттері реңсіз мумияға айналған.
Ал қала мэрі Чальчикомула де Сесма Хуан Наварро журналистерге берген сұхбатында "осыдан 55 жыл бұрын, 1960 жылы 3 бірдей алпинист Орисабаның басына шығып, жоғалып із-түссіз кеткен. Табылған мәйіттер жоғалып кеткен 3 алпинисттің екеуінікі болуы мүмкін" - деген.
"Алайда, мәйіттердің кімге тиесілі екенін арнайы ДНК сараптамасының қорытындысы дәлелдейтін болады. Әзірге табылған мәйіттерді алып келу мүмкін емес. Оған жайсыз ауа райы мен, қалың қар құрсауы кедергі келтіреді. Мәйіттердің денелерін қазып алу жұмыстары аса мұқияттылықты талап етеді. Олар өте ұзақ уақыт мұз астында жатқандықтан сүйектер толықтай шіріп кеткен. Қатты ұстасаң үгытылып қалады" дейді Мэр.
http://youtu.be/Vr5BKpFcpmw