Путин келе жатыр...

/uploads/thumbnail/20170708171409426_small.jpg

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақытруымен Ресей Федерациясының президенті Владимер Путин наурыздың 12-13 күндері Астанаға келеді. Бұл туралы Qamshy,kz  порталы Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ресей Президенті В. Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының арнайы шақыртуымен наурыздың 12-13 күндері Астанада өтетін кедендік және еуразиялық экономикалық одақтың кезекті отырысына қатысады. Аталмыш жиынға Қазақстан, Ресей және Белорусия президенттері қатысып, үш ел арасындағы  еуразиялық интеграциялардың келешігі талқыланады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, президенттер үш ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайы, даму бағыттарын, еуразиялық интеграциялық процесстерді, әлемдік экономикадағы жаңа тенденциялар қарастырылады деп мәлімдейді Риа Новости. Ал ҚР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше "жиын барысында қазіргі таңдағы әлемдік саясаттағы актуалды проблемалардың бірі - Украинаның толық территориялық тұтастығы" мәселесі де сөз етіледі делінген. Сонымен қатар, наурыздың 13-і күні Н. Назарбаев пен В. Путин арасында екіжақты кездесу де жоспарланған.

Қатысты Мақалалар