Үш жасар араб баласы аяқ астынан ағылшын тілінде сөйлеп кеткен

/uploads/thumbnail/20180607111007355_small.jpg

Этноконфессионалдық топқа жататын үш жасар араб баласы Онил Махмұт таза британдық акцентпен ағылшын тілінде сөйлеп кеткен. Баланың бұл қасиеті тек туыстарын ғана емес лингвистика мамандарының таңдайын қақтырды.

Әлі мектеп жасына жете қоймаған бүлдіршіннің отбасы Голан биігінде тұрады, оның үстіне отбасы мүшелері тек араб тілінде араласады. Ал Махмұт тіпті теледидардан ағылшын тіліндегі бағдарламаларды көрмеген екен.

Бүгінгі күнге дейін дұрыс сөйлей алмаған баланың ағылшын тілін қалай және қайдан үйреніп алғаны – туыстары үшін де, лингвистер үшін де үлкен жұмбақ. Тіпті әлем тарихында өте сирек кездесетін жағдай. Онил қазір араб тілін үйреніп жүр. Алайда тілі ағылшын тіліне жаттығып қалғандықтан, арабша үйренуі қиынға соғып отыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар