Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғындары Дюзенов Нұрлан мен Айдарбекова Әсемай 4 жастағы ұлдары Нұрсүндеттің еміне көмек сұрайды.
Нұрсүндет Нұрланұлы туғалы сал ауруымен ауырады. Әлі жүрмейді, отырмайды.
Диагнозы: Балалардың церебральді сал ауруы - екі дәрежелі спастикалық гемиплегия.
— Баламның басқа балалар сияқты жүріп, жүгіріп, күлгенін қалаймын. Баламның Ташкент пен Израильде жасалатын операциясына көмек сұраймын, - дейді Нұрсүндеттің ата-анасы.
Ал шетелде жасалатын операцияның бағасы 3-4 млнды құрайды. Дәрігерлердің айтуынша, операция жасалған жағдайда баланың жүріп ктеу мүмкіндігі бар. Ал Нұрсүндеттің бүгінде көзінің көру қабілеті, есту қабілеті қандай екенін білу мүмкін болмай отыр.
Нұрсүндеттің ата-анасы мүмкіндігі бар қайырымды жандардан көмек сұрайды. Қаржылай көмекті төмендегі есепшотына жібере аласыздар.
Киви 8778-876-05-68, Халық банк 4402573512052731
Пікір қалдыру