Алматы облысында мешіттен ақшаға толы сейф ұрланды. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігі ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлады.
Сәдубаевтың айтуынша, кеше түнде Алматы облысы Кербұлақ ауданы ІІБ-не орталық мешіт имамы шағым түсірген. Белгісіз біреулер мешіттен 400 мың теңге мен құжаттар салынған сейфті ұрлап кетіпті.
Қазіргі уақытта іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сонымен бірге, Алматы облысында Қылмыстық кодекстің 194-бабының 4-бөлімі "Бопасалау" бойынша мемлекетаралық іздеуде болған екінші күдікті ұсталды. Одан сегіз оғы бар Макаров тапаншасы алынған.
Пікір қалдыру