Халықаралық бокс федерациясы Головкиннен тартып алынған орта салмақтағы титулды украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен америкалық Дэниел Джейкобс (34-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жекке бәске тігуге шешім қабылдады. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
IBF Геннадий Головкиннен титулды Деревянченкомен кездесуден бас тартқаны үшін тартып алған болатын.
Дүйсенбіде IBF ұйымы Деревянченконың бірлескен промоутері Лу Дибелла (DiBella Entertainment) мен Джейкобстың промоутері Эдди Хирнге (Matchroom Boxing) хат жолдап, дереу келіссөздерге кірісуді ұсынды. Егер тараптар 11 шілдеге дейін келісе алмаса, онда промоутерлік сауда-саттық белгіленеді.
Промоутерлік сауда-саттық өткен жағдайда, жүлде қоры боксшылар арасында тең бөлінеді.
Пікір қалдыру